55 мыңнан астам жапондықтың жасы 100-ден асып жығылды

АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жапония ұзақ өмір сүретіндер мекені екендігі белгілі. Мәселен, қазіргі таңда бұл елде 55 мыңнан астам жапондықтың жасы 100-ден асып отыр.

55 мыңнан астам жапондықтың жасы 100-ден асып жығылды

Бір қызығы, ұзақ өмір сүретіндердің басым бөлігі әйелдер екен. Олардың саны 47,6 мың адамды құрайды, деп хабарлады Росбалт.

Әлемдегі ең қарт адам - Мисао Окава. Ағымдағы жылдың наурызында ол 115 жасқа толып, тамыз айында Осаки тұрғыны Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.

Жапондықтардың ұзақ өмір сүру құпиясы олардың асханасына байланысты екендігі белгілі. Өйткені олардың тағамдары тек табиғи өнімдерден жасалады. Сонымен қатар жапон тағамы тұзсыз және қантсыз дайындалады.