55 жастағы әйел Бурабай тауына шығып, өз бетімен түсе алмай қалған

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – 55 жастағы әйел Бурабай курортында тауға шығып, өз бетімен төмен түсе алмай қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

55 жастағы әйел Бурабай тауына шығып, өз бетімен түсе алмай қалған

«6 қыркүйек күні сағат 15:50 шамасында құтқарушыларға Бурабай курортында таудың басына шыққан әйел төмен түсе алмай тұрғандығы туралы хабар түсті. Шақырту орнына дереу Бурабай және Щучідегі құтқару жасағының 4 құтқарушысы мен 1 арнайы техника жұмылдырылды. Анықталғандай, «Бурабай» шипажайында демалып жатқан 7 адамнан тұратын туристер тобы орман жолы арқылы таудың басына шыққан. Кейін төмен түсерде 1965 жылғы әйел аяғын жарақаттап алған», - деді Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, құтқарушылар әйелді таудың басынан түсіріп, медициналық жедел-жәрдем бригадасына тапсырды.