56 жастағы футболшы Беларус чемпионатында рекорд орнатты

АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат - Беларустың Брест қаласының «Динамо» клубының жаттықтырушысы Юрий Пудышев Беларус чемпионаттарында ойнаған ең ересек спортшы атанып,

56  жастағы  футболшы Беларус  чемпионатында рекорд орнатты

өзіндік рекорд орнатты, деп хабарлайды Goals.by басылымы.

«Динамоның» 56 жастағы жаттықтырушысы Борисов қаласының БАТЭ футбол клубымен болған ойынның 90-ыншы минутында Виктор Соколды алмастырып, алаңға шықты.

Және алаңда болған бірер минуттың ішінде Пудышев допқа бірнеше рет аяғын тигізіп қана қоймай, шабуылдардың біріне қатысты. Және ойынның қорытындысы бойынша ол «Динамоның» құрамындағы үздік ойыншы деп танылды.

Юрий Пудышев - минскілік «Динамоның» құрамында 1982 жылы КСРО чемпионы атанған даңқты спортшы.