56 жастағы «магнит адам» талайды таңғалдыруда - ФОТО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Босния және Герцеговина мемлекетінің 56 жастағы тұрғыны өзінің маңдайына жабысқан Samsung Galaxy S4 ұялы телефонымен ел алдына шығып, таныла бастады.
Мухибидж Булжубасич есімді азаматтың өзгелерден ерекшелігі - түрлі тұрмыстық заттарды бойындағы магниттің көмегімен жабыстыра алады. Бұған дейін темір бұйымдарды «тартатын» адамдар кездескен. Алайда, Булжубасич әзірге әлем бойынша пластика мен шыныдан жасалған ыдыстарды табиғи магнитімен алып жүре алатын жалғыз адам, деп жазады 1news.az.
Ол өзінің ерекше таланты туралы 5 жыл бұрын білген. Қасық, табақ, тәрелкеден бастап, теледидардың пульті мен ұялы телефонға дейін көтере алады.