57 алматылық жаңажылдық мереке күндері пиротехникадан жарақаттанды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жаңажылдық мереке күндері Алматы қаласында пиротехникадан 57 адам зардап шекті.

57 алматылық жаңажылдық мереке күндері пиротехникадан жарақаттанды

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Нұржан Исабеков хабарлады.

«Жаңажылдық мереке күндері медициналық көмек сұрап, денсаулық сақтау мекемелеріне 57 адам жүгінді. Оның 25-і Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығына хабарласқан. 7 адам ауруханаға жатқызылды, оның 3-еуі бала. Оларға қол сүйегінің, беттің күйюі, терінің жыртылған жарақаты, көз алмасының контузиясы, бұлшық еттің соғылуы диагноздары қойылды», - деді бас оташы.

Жарақаттанғандардың ең үлкені 69 жаста, ең жасы - 6-да. Қазіргі уақытта олар ауруханада.