57 млн теңге – Абай облысында су тасқынынан келген залал есептеліп жатыр

тасқын
Фото: Жанкелді Қаржан/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Абай облысында су тасқыны жағдайы тұрақталды. Қазір келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссия жұмысы аяқталып қалды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков айтып берді.

Спикердің айтуынша, су тасқыны кезеңі басталғалы бері 22 тұрғын үй су астында қалған.

«Қазір келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссияның жұмысы аяқталып қалды. Алдын ала есептеулер бойынша зардап шеккен үйлерді, жеке мүлікті, техниканы, сондай-ақ үй жануарларын қоса есептегенде, келтірілген залал шамамен 57 млн теңгені құрап отыр. Комиссияның жұмысы 15 сәуірге дейін аяқталады деп күтілуде», - деді Д. Гариков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Инфрақұрылым бойынша Д. Гариков 4 көпірге зақым келгенін, Аягөз ауданындағы Бозай ауылымен көлік қатынасы үзілгенін айтты.

Жалпы су тасқыны кезеңінде өңірде 377 адам эвакуацияланған, оның 577-сі - балалар. 

Қазіргі уақытта барлық тұрғындар өз үйлеріне оралған.

Соңғы жаңалықтар