575 мың гектар суармалы егістік жері ауыл шаруашылығының айналымынан шығып қалды - Қ. Айтаханов

АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Еліміздегі 575 мың гектар суармалы егістік жері ауыл шаруашылығының айналымынан шығып қалды. Бүгін ҚР Парламенті Сенатында «Сауармалы егін шаруашылығы мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру және Қазақстанда суармалы жерлерді тиімді
None
None

пайдаланудың жолдары» атты тақырыпта өткен жиында сенатор Қуаныш Айтаханов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенатордың сөзіне қарағанда, 2010 жылы 1991 жылмен салыстырғанда еліміздегі суармалы жерлер көлемі 298 мың гектарға дейін азайып кеткен. Ал осы жылдар аралығында босалқы жерлердің көлемі 8 есеге ұлғайып, 423 мың гектарды құрапты. Бұдан бөлек бұрын қолданыста болған 20 мың гектар суармалы жер жекеменшік үй, жол өндіріс орындарын салуға және басқа да мақсаттарға берілген. Ал қазірге дейін пайдаланылып келген суармалы жерлер тұзданып, олардың құрарлығы мен өнімділігі төмендеуде.

«90-шы жылдары еліміздегі суармалы жер көлемі егістіктің 6 пайызын құрап, егіншілік өнімдерінің 30 пайызы өндірілген болса, бүгінде бұл көрсеткіш екі есеге жуық төмендеді. Халқы тығыз, негізінен суармалы егіншілікпен айналысатын Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында суармалы жерлердің 15-33 пайызы пайдаланылмайды. Ал қолданыстағы суармалы жерлердің өнімділігі де 25-50 пайызға дейін төмендеген», деді Қ. Айтаханов.

Соңғы жаңалықтар