5G желісі бүкіл Бразилияда қолжетімді болды
АСТАН. KAZINFORM – Бразилияның бүкіл аумағында бесінші буынның автономды желісі – 5G Standalone (SA) жұмыс істей бастады. Бұл туралы республиканың Ұлттық телекоммуникация агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды TV BRICS.

Атап өтілгендей, алдыңғы буын технологияларын қолданбай жұмыс істейтін «таза» 5G бұрын 770 қалада қолжетімді болған. Желі 300 Мбит/с орташа жылдамдығымен 35 млн пайдаланушыға қызмет көрсетті. Бұл – қолданыстағы 262 млн құрылғының шамамен 13%-ы.
Енді тағы 190 қалада желі іске қосылып, Бразилияның барлық аймақтары жаңа технологияға қосыла алады. 2021 жылы өткен 5G аукционының шарттарына сәйкес, бразилиялық операторлар 2029 жылдың соңына дейін барлық елді мекендерде осы желіге қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
Елдегі интернет жылдамдығы 1-ден 10 Гбит/с аралығында болуы мүмкін. Бұл қазіргі кезде жылдамдығы шамамен 19,8 Мбит/с болған 4G желісіне қарағанда 100 есе жоғары.
Бұған дейін қытайлық телекоммуникация мамандары алтыншы буын сымсыз технологиясы – 6G үшін әлемдегі алғашқы далалық сынақ желісін жасаған болатын. Қытай 2030 жылы сандық ұялы байланыс желілері үшін 6G технологиясын коммерциялық пайдалануға көшуі мүмкін.
Kazinform үшін арнайы БРИКС ТВ серіктес агенттігі ұсынған.