6 ақпан күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 6 ақпанда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
None
None

АСТАНА

Сағат 09.30-да Орталық коммуникациялар қызметінде жүрек жетіспеушілігінен зардап шегетін науқастар үшін халықаралық төңкеріс туындатқан жаңа жүйенің таныстырылымына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 11.00-де Ақордада шет мемлекеттердің елшілері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырады.

Сағат 11.00-де Үкімет үйінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен «Отандық өндірісті дамыту және көлік-логистикалық саланы модернизациялау» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 11.00-де Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Ұлттық бюрода мемлекеттік сатып алу бойынша брифинг өтеді.

Сағат 14.00-де «Sputnik Қазақстан» мультимедиалық баспасөз орталығында «Астана - Бішкек - Ереван - Минск - Мәскеу» арасындағы видеокөпір арқылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымының Бірлескен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоровтың қатысуымен «Басқару органдары мен күштерін бірлесіп оқытудың қорытындысы» тақырыбында брифинг өткізіледі.

Сағат 16.00-де Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Сыртқы істер министрлігіне шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшыларымен кездеседі.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Алматы қаласының экономика және статистика академиясында жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде айтылған Мемлекет басшысының бастамалары талқыланады.

Сағат 11.00-де Қазақстан Баспасөз клубында ауған соғысы ардагерлерінің баспасөз конференциясы өткізіледі.

Сағат 18.30-да ALMATY GALLERY-да көзі көрмейтін және нашар көретін адамдардың кескіндік өнерін ұсынатын «Көзге көрінбейтін сезім қырлары» атты арт-шара өтеді.

ТҮРКІСТАН

Сағат 15:00-де Turkistan media орталығында Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев өткен жылды қорытындылап, 2019 жылға жоспарлар жайында баспасөз мәслихатын өткізеді.

Соңғы жаңалықтар