6 ақпан. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР
64 жыл бұрын (1955) кинорежиссер, продюсер, киносценарист, актер Абай Сәдуақасұлы ҚАРПЫҚОВ дүниеге келді.
Талдықорған облысында туған. Мәскеу мемлекеттік тарих-мұрағат институтын, С.Герасимов атындағы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының режиссерлік факультетін бітірген. Тұңғыш қысқа метражды көркем фильмі республика жас кинематографистерінің «Бастау - 83» байқау конкурсында үздік шықты. А.Қарпықов - отандық алғашқы «Тоғысқан тағдырлар», «Шегіртке» сериалдарының продюссері. Сондай-ақ, «Полторы штуки», «Влюбленная рыбка», «Воздушный поцелуй», «Дорога дорогой, дорогая», «Автобус в час пик», «Бахыт. Первая кровь», «Ясновидец Мажикен», «Тот, кто нежнее», «Фара» фильмдерін түсірген.
59 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің мүшесі, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы төрағасының орынбасары Бақытбек СМАҒҰЛ дүниеге келді.
Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. 1975-1978 жылдары - Қазалы қаласындағы 34-ші селолық кәсіптік-техникалық училищені қызыл дипломмен бітірген. 1979-1981 жылдары Совет Армиясы қатарына шақырылған. Арнайы дайындықтан өткеннен кейін 1979 жылғы 27 желтоқсанда Ауған Халық Демократиялық Республикасында әскери қызмет атқаруға жіберілген. 1981-1985 жылдары Алматы құрылыс техникумын өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс мамандығы бойынша бітірген. 2000-2004 жылдары Орталық Азия университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2004-2008 жылдары - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. 1985-1989 жылдары - Алматы қаласы Калинин аудандық құрылыс-жөндеу басқармасының инженер-техникалық қадағалаушысы. 1989-1995 жылдары - шағын кооператив директорының орынбасары. 1995-1996 жылдары - Алматы қаласындағы Уақытша автотұрақ басқармасының бастығы. 1996-1997 жылдары - «Болашақ» базарының директоры. 1997-1998 жылдары - Алматыдағы «Көк базардың» бас әкімшісі. 1998-1999 жылдары - «Сәлем» базарының директоры. 2000-2005 жылдары - «Тайқазан Техносервис» ЖШС бас директорының орынбасары. 2005-2011 жылдары - Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы төрағасының орынбасары, самбодан әлемнің екі дүркін чемпионы Асқар Шайхиев атындағы Таэкван-до спорт клубының президенті және «Сауап» қоғамдық қорының президенті. 2012-2016 жылдары - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2016 жылғы наурыздан - қазіргі қызметінде. «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. Қазалы ауданының «Құрметті азаматы». II дәрежелі «Айбын», «Құрмет», «За заслуги», «Долг и честь» ордендерінің кавалері, Ресей Федерациясының, Ауғанстан Ислам Республикасының, Монғолия Республикасының медальдарымен және құрмет грамоталарымен марапатталған. Таэкван-додан V дан - қара белбеу иегері. «Ауғанның от жалыны», «Мен көрген соғыс», «Война, которую видел я», «Қан кешкен күндер», «Намыстың құлы - Алаштың ұлы», «Қаhарман», «Үш қырлы жебе» кітаптарының авторы.
59 жыл бұрын (1960) Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Мергенбай Баймендіұлы ЖАППАРОВ дүниеге келген.
Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін (1982); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін (1995) бітірген.
Еңбек жолы: Жезқазған облысы Ақадыр аудандық атқару комитетінің азаматтық қорғаныс штабының аға экономисі, штаб бастығы (1982 жылдан); Жезқазған облысы Ақадыр аудандық атқару комитетінің ішкі істер бөлімінде учаскелік инспектор (1987 жылдан); Жезқазған облысы Ақадыр аудандық ішкі істер бөлімінде аға учаскелік милиция инспекторы, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметінің аға инспекторы, қылмыстық іздестіру аға жедел уәкілі, қылмыстық іздестіру бөлімшесінің бастығы (1989 жылдан); Жезқазған облысы бойынша МТБК бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы, Жезқазған облысы бойынша МТБК бөлімі жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлім бастығының орынбасары (1996 жылдан); Қарағанды облысы ІІБ Шет ауданы ішкі істер бөлімшесінің Ақадыр кенті полиция бөлімшесі бастығының орынбасары (1997 жылдан); Қарағанды облысы ІІБ Ақтоғай ауданы ішкі істер бөлімшесінің бастығы (1999 жылдан); Қарағанды облысы Теміртау қаласы ІІБ бастығы (2002 жылдан); Қарағанды облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары (2008 жылдан).
Қазіргі лауазымын 2013 жылдан бері атқарып келеді.
ІІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін», ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдарымен; «Қазақстан полициясына 15 жыл» төсбелгісімен марапатталған.
58 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Әділбек Қалибекұлы АЛДАБЕРГЕНОВ дүниеге келген.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Рязань жоғары әуе-десанттық командалық училищесін (1984); М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны сырттай (1996) бітірген.
Еңбек жолы: Орта Азия әскери округі әскерлері қолбасшысының қарамағына жіберіліп, 42610 әскери бөлімнің арнайы жасақталған тобының командирі
Прикарпат әскери округі 186-ші арнайы мақсаттығы жеке жасақ тобының командирі, Ортаазия әскери округі 71170 әскери бөлімінің арнайы жасақталған отряды арнайы жасақталған тобының командирі, Германиядағы кеңес әскерлері тобы п.п. 83149 әскери бөлімінің арнайы жасақталған отряды арнайы жасақталған тобының командирі болды (1984-1988); Германиядағы кеңес әскерлері тобы 83149 әскери бөлімінің арнайы жасақталған отряды арнайы жасақталған ротасының командирі, 21208 әскери бөлімі арнайы жасақталған отряд командирінің орынбасары - штаб бастығы, Приволжье-Орал әскери округі арнайы жасақталған бригадасы арнайы жасақталған отряд командирінің орынбасары - штаб бастығы, ҚР ҚМ-нің қарамағында, жеке гвардиялық әуе-десанттық бригадасының парашют-десанттық батальоны командирінің орынбасары, жеке гвардиялық әуе-десанттық бригадасының парашют-десанттық батальон командирі, жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары - штаб бастығы (1988-1997); жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасының командирі, Ұтқыр күштер қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы, 14776 әскери бөлім басқармасының бастығы, Ұтқыр күштер қолбасшысының орынбасары
Ұтқыр күштер қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы (1997-2004); «Батыс» аймақтық қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы (2004-2007); аймақтық қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - «Шығыс» аймақтық қолбасшылығының штаб бастығы (2007-2009); 14776 әскери бөлімнің командирі, ҚР Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы (2009-2013); ҚР ҚК Құрлықтағы әскерлер штабының бастығы - Бас қолбасшының бірінші орынбасары (2013-2016).
Қазіргі лауазымын 2016 жылдан бері атқарып келеді.
«Қызыл жұлдыз» (1986), ІІ дәрежелі «Айбын», ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен; 14 медальмен наградталған.
52 жыл бұрын (1967) Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шалқар Заманбекұлы БАЙБЕКОВ дүниеге келген.
Ол Семей облысында туған. Қазақстан мемлекеттік басқару академиясын «экономика» (1996); Қазақстан мемлекеттік заң академиясын «заңгер» мамандығы бойынша (2001) тәмамдады.
Қызмет жолын 1988 жылы Семей облысы Жаңасемей аудандық инспекциясының мемлекеттік сақтандыру аға инспекторы болып бастады. 1990 жылдың шілде айынан бастап Семей салық инспекциясы саласында қызмет етті. 1999 жылдың ақпанынан бастап 2002 жылдың мамырына дейін Павлодар қаласы Салық комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы болып жұмыс істеді. 2002 жылдын ақпанынан бастап 2014 жылдың қыркүйек айына дейін Астана қаласы Салық комитетінің төрағасы, Астана қаласы Алматы ауданы бойынша, Қарағанды облысы Салық комитетінің төрағасы, ҚР ҚМ-нің Салық комитетінің ұйымдастырушылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап 2017 жылдың тамызына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы. Қазіргі қызметінде 2017 жылдың тамыз айынан бері.
44 жыл бұрын (1975) Назарбаев Университетінің атқарушы вице-президенті Владислав Николаевич ЕЖОВ дүниеге келді.
Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік басқару академиясын қаржыгер мамандығы бойынша (1996); Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебі басшы қызметшілерінің іскерлік әкімшілендіру магистрі бағдарламасын (2017) бітірген.
Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бюджет департаментінің талдау басқармасының экономисі, басқарма бастығы; Маркетинг және аналитикалық зерттеулер орталығы басқарма төрағасының орынбасары (2003-2004); Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі басшысының орынбасары (2004-2007); Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті директорының орынбасары; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесінің макроэкономикалық талдау және бағдарламаларды мониторингілеу бөлімінің басшысы; Ұлттық талдау орталығы басқарма төрағасының орынбасары (2008-2011); Назарбаев Университеті Атқару кеңесі төрағасының кеңесшісі (2011-2012); Ұлттық талдау орталығының басқарма төрағасы (2012-2014); Ұлттық медициналық холдинг басқарма төрағасының орынбасары (2014-2015); Назарбаев Университеті Жоғары қамқоршылық кеңесі хатшылығының бас менеджері (2015-2017).
Қазіргі лауазымын 2017 жылдан бері атқарып келеді.