6 ақпанда Respublica партиясының съезі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – 6 ақпанда Астанада Respublica партиясының кезектен тыс съезі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Бұл туралы құжатқа Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров қол қойды.

Съезд жұмысына барлық өңірден партия мүшелері қатысады. Шарада Respublica партиясының жаңартылған жарғысы таныстырылып бекітіледі.

Сонымен қатар партиялық тізімдер және бір мандатты аумақтық округтер бойынша ұсынылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға дауыс беру өтеді.

Бұған дейін «Байтақ» пен Respublica бүкіл өңірлерде мәслихат депутаттарын сайлауға қатысатындығы белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар