6 айда электронды сауда көлемі 1,5 трлн теңгені құрады

АСТАНА. KAZINFORM - 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстандағы электронды сауда көлемі шамамен 1,5 трлн теңгені құрады, бұл былтырғы жылдық көлемнің шамамен 62% құрайды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі. 

 электронды сауда
gov.kz

• «Атамекен» ҰКП және ірі маркетплейстермен бірлесіп Kaspi.kz, JMart.kz, Wildberries, Ozon, MTi электронды сауданы оқыту курстары басталды. Бүгінгі таңда 800-ден астам кәсіпкерлік субъектісі осы курстардан өтті.

• Электронды сауданы дамытудың 2027 жылға дейінгі жоспары әзірленіп, қабылданды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен ынтымақтастық кезінде қарыздарды субсидиялау мен кепілдендіруді қоса алғанда, электронды сауда субъектілерін қолдау шаралары қабылданды.

• Қазақстандық тауар өндірушілер халықаралық сауда алаңдарына белсенді түрде шығарылуда. Мәселен, Alibaba.com-да биыл шарттарға қол қою және шағын сайттар құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқан 47 компания іріктелді.

Мемлекеттік қолдау іске қосылғаннан бері 290 компания өз өнімдері үшін шамамен $346 млн табыс тапты.

Соңғы жаңалықтар