07:49, 27 Мамыр 2016 | GMT +5
6 айлық қыз бала су шаңғысынан әлемдік рекорд орнатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жас спортшы Флоридадағы көлде су шаңғысымен өзі жүзіп өтті.

Алты айлық американдық қыз бала су шаңғысы спортымен айналысатын ең жас спортшы болды.
Әлі жүре алмайтын Зала Санкт-Онж 6 ай, 27 күн жасында суда шаңғымен 209 метрге жуық жерден өтті.
Осылайша, нәресте бұған дейін отандасы Паркс Бонифейдің 6 ай, 29 күн жасында қойған рекордын жаңартты.