6 баласы бар шымкенттік келіншек полицеймін деп жұртты алдаған

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте алаяқ әйел полицейлердің киімін киіп, жұртты алдап келген. Ол өзін полиция лейтенантымын деп танысырып, алаяқтық жолмен ақша тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Қаланың 53 жастағы тұрғыны полицияға арызданып келген. Айтуынша, бір келіншек өзін тәртіп сақшысымын деп сеніміне кіріп, мүгедектік бойынша тіркеуге қою үшін 100 мың теңгесін алған. Алайда жәбірленушіге жалған анықтама беріп, артынша қашып кеткен.

null

Осы арыз негізінде полицейлер ақша алған әйелді іздеуге кіріскен. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті деген келіншек қолға түсті. Ол бұрын алаяқтық әрекеті үшін түрмеде жазасын өтеп келген 6 баланың анасы болып шықты. 36 жастағы сезіктінің жалдамалы пәтерін тінту кезінде   полиция қызметкерінің киімі, жалған құжаттар мен айғақты заттар табылған. Тергеу барысында алаяқ әйел жан бағу үшін осындай қылмысқа барғанын айтыпты. Әзірге оның 4 фактіге қатысы бар екені анықталып отыр.

null

Ішкі істер қызметкерлері күліктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы  «Алаяқтық» бойынша іс қозғап, тергеу шараларын жүргізуде.

null

Тәртіп сақшылары осы әйелден алданып қалғандар болса полиция бөлімшелеріне немесе «102» нөмеріне хабарласуларын сұрайды.

null

Соңғы жаңалықтар