6 баласын өлтірген ата-анаға айып тағылды
АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда алты баласын о дүниеге аттандырған жұбайларға адам өлтірді деген айып тағылды. Мұндай шешімді Дербиширдің бітімгер соты өткен тәулікте қабылдады. Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
Әділет органдарының мәлімдеуінше, Майк пен оның әйелі Мэйрид балалардың бесеуін ұйықтап жатқанда түтінмен тұншықтырып өлтірген. Ал, алтыншы бала - 13 жасар жасөспірім екі күннен кейін ауруханада көз жұмды. Келесі күні жеткіншектердің әкесі мен шешесі баспасөз маслихатын өткізіп, өз істеріне өздері сенбейтінін айтып, көз жастарына ерік берді. Ал, бүгін олар ауыр қылмыстары үшін Ноттингем корольдік сотының алдында жауап бере бастайды.