6 елдің жасөспірімдер командасы футболдан Қазақстан Президентінің Кубогы үшін таласады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Арена» стадионы ағымдағы жылдың 25-29 маусымы аралығында футболдан 1998 жылы туған ойыншылар үшін жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Президентінің Кубогына 7-ші халықаралық турнирді қабылдайды.
«Биылғы жылы біз Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан сияқты құрамаларды шақырдық. Бірінші рет бізге үздік әлемдік құрамалардың бірі - Испания келеді. ФИФА рейтингісінде ұлттық құрамалар арасында Испания үздік командалардың бірі және әзірге бірінші орында», - деп атап өтті баспасөз мәжілісі барысында Қазақстан Футбол федерациясының вице-президенті Олжас Абраев. Олжас Абраев Қазақстан құрамасының Президент Кубогының қазіргі иегерлері ретінде әдемі әрі нәтижелі ойын көрсететінен үмітті. «Кезекті Президент кубогы бізге жас таланттарды анықтауға мүмкіндік беріп, Қазақстанда, сонымен бірге, басқа елдерде де футболды дамытуға қосымша серпін береді деп сенеміз», - деп қосты ол. Президент Кубогы ФИФА мен УЕФА-ның халықаралық жарыстарының ресми тізіміне енген. ҚазАқпарат ҚР Президентінің Кубогы үшін өтетін матчтардың күні және уақытын ұсынып отыр: A тобы
1. Қазақстан 2. Грузия 3. Қырғызстан B тобы
1. Испания 2. Тәжікстан 3. Әзірбайжан
25 маусым, Сәрсенбі - 1 ойын күні
12:00 Әзірбайжан - Тәжікстан 18:30 Рсми ашылу салтанаты 19:00 Қазақстан -Қырғызстан 26 июня, Бейсенбі - 2 ойын күні
16:00 Грузия - Қырғызстан 19:00 Тәжікстан - Испания 27 июня, Жұма - 3 ойын күні
16:00 Испания - Әзербайжан 19:00 Қазақстан - Грузия 28 маусым, Сенбі - Демалыс күні 29 маусым, Жексенбі - Ақтық матчтар күні
12:00 5-6 орындар үшін матч 14:00 3-4 орындар үшін матч 19:00 Финал