-6 градусқа дейін үсік жүреді: Сәрсенбіге ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 23-28 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде найзағай болжанады, бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 25 м/с артады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 25 м/с жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с артады.
Ақмола облысында тұман, найзағай, бұршақ болады, желдің күші 15-20 м/с артады.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түнде Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде 1-6 градус, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында -3 градус, Ақтөбе облысында -1 градус үсік жүреді.