6 қазан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2015 жылғы 6 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.

6 қазан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

6 қазан. СЕ ЙСЕНБІ

Дүниежүзілік табиғи ортаны қорғау күні. 1979 жылы Еуропада жабайы фауна мен флораны, жануарлар жайлаған табиғи ортаны қорғау туралы Конвенция аумағында бектілді. Беларусьте мұрағатшылар күні. Өз жұмысын 1863 жылдан бастаған тұңғыш орталықтандырылған мемлекеттік мұрағат - Витебск көне актілер кітаптарының орталық мұрағаты. Мысыр әскері күні (Қарулы күштер күні). 1973 жылы дәл осы күні Египет әскері Суэц каналын кешіп өтіп, израильдік әскерлерге шабуыл жасады.

1948 жылғы Түркіменстандағы жер сілкінісі құрбандарын еске алу күні

Бұл 1948 жылы Ашхабадтағы жер сілкінісінде қаза тапқандарды еске алу күні. 5 қазаннан 6 қазанға қараған түні сағат 1:12-те болған апат қаланы қиратты.

Словакиядағы Дукельск асуы құрбандарын еске алу күні

Венгри ядағы Арада құрбандарын еске алу күні

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 23 жыл бұрын (1992) Алматыда Азиялық тәуелсіз және плюралистік ақпарат құралдарын дамытуға ықпал ету жөніндегі ЮНЕСКО семинары өз жұмысын бастады. 16 жыл бұрын (1999) «Астана-Недвижимость» АҚ құрылды. Негізгі мақсаты бизнестің географиялық және салалық әртараптануы, елордадағы, Қазақстанның өзге аймақтарындағы тұрғын үй мен жолдардың құрылысын игеру және дамыту.

11 жыл бұрын (2004) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссия қорытындысы негізінде Қарағанды облыстық мәслихаты Осакаров, Жаңаарқа және Шет аудандары елді мекендерінің атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Октябрь селосы - Қарағайлы, Литвиновка мен Красноармейский ауылдық округі - Есіл, Скобелев ауылдық округі - Сұңқар, Вольский - Сарыөзек, Пролетарский - Ақбұлақ болып өзгертілді. Жаңаарқа ауданының Аппаз ауылына Мұқажан Жұмажановтың, Шет ауданының Жарық теміржол стансасына Сәкен Сейфуллин есімі берілді. 10 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасы аумағында ғалым, жазушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 125 жылдық мерейтойына арналған пошта маркасы айналымға шықты. Таралымы - 245 000 дана. 10 жыл бұрын (2005) Павлодар облысы Лебяжі ауданының Черное ауылындағы көшеге бұрынғы кеңшардың директоры Мұхтар Арыновтың есімі берілді. ХХIII партсъезд атындағы кеңшарды 18 жыл бойы басқарған ол ауылдастарының мұқтаждарына көңіл бөліп отырған. Ол басқарған шаруашылық жоғары көрсеткіштерге жетті, Черное ауылының көшелеріне асфальт төселіп, мектеп, және шаруашылықтың жұмыскерлеріне ыңғайлы үйлер салынды. Ауылдастарының М.Арыновтың есімін мәңгі есте сақтап қалу ниетін жергілікті билік өкілдері қолдады. 6 жыл бұрын (2009) Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында алғашқы жоғары кернеулі трансформатор шығарылды. Қуатты машинаны «Кентау трансформатор зауыты» АҚ жасап шығарған, олар бір жыл ішінде қуаттылығы 25000 кВА жоғары кернеулі трансформаторларды шығаратын жаңа цехты салды. Бұл - отандық энергетика саласындағы инновациялық жоба. Жаңа цех жетекші батыс фирмаларының жоғары технологиялық жабдықтарымен жарақтанған. 6 жыл бұрын (2009) «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының жеке интернет-сайты www.zhasotan.kz ашылды. «Жас Отанның» беделін арттыру, «Жас Отан» мен жастар арасындағы қарым-қатынасты күшейту мақсатында құрылды. 5 жыл бұрын (2010) ұлы Абайдың отанында, Семейде және Абай ауданында қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 165 жылдығына арналған салтанатты шаралар өтті. Мерейтойлық Абай жылының ауқымында облыс орталығында көптеген әдеби және музыкалық жанрлар бойынша байқаулар, Абай оқулары, басқосулар, көрмелер, концерттер, көркемсөз оқушылар сайысы өтті. 5 жыл бұрын (2010) Таразда қаланың орталық мешіті - hибатулла әт Тарази жанында медресенің жаңа корпусы ашылды.

1 жыл бұрын (2014) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация форумына қатысты. Шара барысында Қордың трансформация Бағдарламасы ресми түрде таныстырылды.

1 жыл бұрын (2014) қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова Дурбан қаласында (ОАР) жастар арасындағы әлем чемпионатында 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында алтын медальға ие болды.

65 үздік шахматшы мен, 42 елдің чемпиондары Динараның қарсыласы болды. Алайда спортшы 11 ұпайдың 10-нын жинап үздік атанды.

332 жыл бұрын (1683) алғашқы неміс қоныстанушылары Америкаға (Пенсльвания) келіп, Германтаун елді мекенінің негізін қалады. 326 жыл бұрын (1689) Александр VIII Рим Папасы болып сайланды. 225 жыл бұрын (1790) Женева зергері Якоб Швепп жасанды минералды суды жасау әдісін ұсынды. 214 жыл бұрын (1801) Наполеон Голландияға жаңа конституцияны сыйға тартты. 107 жыл бұрын (1908) Крит Түркиядан тәуелсіздігін және Грекияға қосылатынын жариялады. 88 жыл бұрын (1927) дыбысты киноның дәуірі басталды - «Уорнер Бразерс» компаниясы шығарған «Джаз әншісі» атты алғашқы дыбысты фильмнің премьерасы болды. 7 1 жыл бұрын (1944) Болгарияда халық трибуналдары құрылды. 5 6 жыл бұрын (1959) таңертеңгі 5:30-да Таяу Шығыстағы Израильдің Хайфа қаласындағы алғашқы «Кармелит» метрополитені жұмыс жасай бастады. 5 6 жыл бұрын (1959) планетааралық «Луна-3» стансасынан Айдың екінші беті суретке түсірілген. Бортта орналасқан фотокамера Ай шарының жартысынан көбін түсірген. Суреттер бортта өңделіп, фото теледидар арқылы Жерге жіберілген. 4 4 жыл бұрын (1971) американдық BBN Technologies компаниясының инженері Рэй Томлинсон кеңсе ішіндегі бір компьютерден екіншісіне локалдық жүйе арқылы тұңғыш рет электрондық хат жіберді. 2 9 жыл бұрын (1986) Атлант мұхитында бортында баллистикалық зымыраны бар «К-219» атты КСРО-ның суасты атом сүңгуір қайығы батып кетті. 2 9 жыл бұрын (1986) Канада саяси босқындары үшін БҰҮ жұлдесіне ие болды. 2 9 жыл бұрын (1986) Гарри Каспаров Анатолий Карповпен матчында шахматтан әлем чемпионы атағын қорғап қалды. 3 жыл бұрын (2012) Форт-Шевченко қаласындағы Тарас Шевченко мұражайы 80 жылдығын атап өтті. 1716 жылы қазіргі қаланың орнында әулие Петр бекінісі болған. Кейіннен мұнда Новопетров бекінісі орналасты. Осында Тарас Шевченко Орынбордағы тұтқыннан кейін жеті жыл айдауда болды. Мұнда ол 200-ден астам жұмыстарын, осы жердің пейзажын бейнелеген суреттері мен нобайларын жазды. Шевченко мұражайы бекініс коменданты Ираклий Усковтың жазғы резиденциясында орналасқан. Ғимараттың салынғанына 150 жылдан асты. Осы жерге ұлы Кобзарьға ескерткіш орнатылған.

ЕСІМДЕР 9 2 жыл бұрын (1923-2001) республикадағы хореография өнерінің қалыптасып даму жолына мол үлес қосқан қазақтың тұңғыш кәсіби биші-балетмейстері, Қазақстанның халық әртісі ӘБІРОВ Дәурен Тастанбайұлы дүниеге келді. Жамбыл облысында туған. Алматы хореография училищесін, Мәскеу қаласындағы театр өнері институтының балетмейстерлік бөлімін бітірген. 1952-1977 жылдары - Қазақ академиялық опера және балет театрында балетмейстер болып, театр сахнасында М.Чулакидің «Жастық», Ф.Яруллиннің «Шурале», Ғ.Жұбанованың «Аққұс туралы аңыз», Е.Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» т.б. балеттерін, сондай-ақ опералық және драмалық спектакльдер мен фильмдердің билерін қойған. Ол Альберттің (А.Адан «Жизель»), Нұралының (Б.Асафьев «Бақшасарай бұрқағы») т.б. партияларын биледі. Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің 2-ші онкүндігіне қатысқан. 1952 жылдан Алматы хореография училищесінде, Алматы театр және кино өнері институтында, Қазақ қыздар педагогикалық институтында, Жоғары хореография мектебінде педагогикалық қызметпен айналысқан. Ә.Исмаиловпен бірге «Қазақтың халық билері» атты кітап жазған. «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 5 8 жыл бұрын (1957) Рудный индустриалдық институтының ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Жоғары мектеп ғылымдары ұлттық академиясының академигі, ҚР Жаратылыстану ғылымдары ұлттық академиясының академигі НАЙЗАБЕКОВ Әбдірахман Батырбекұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 1980 жылы Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын тәмамдады. Алматыда «Қызыл ту» пластмасса өңдеу зауытында учаске шебері; 1981-1982 жылдары - Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнында оқытушы. 1984-1987 жылдары - Мәскеу құрыш және қорытпалар институтының аспиранты; 1988 жылдан Қарағанды металлургиялық институтында оқытушы, доцент, кәсіптік-техникалық факультет деканының орынбасары, оқу істері жөніндегі проректор орынбасары, оқу істері жөніндегі проректор. 1998 жылдан Қарағанды металлургия институтының ректоры; 2012 жылдан Рудный индустриялық институтының ректоры. 300-ден астам ғылыми-әдістемелік жұмыстардың, екі монографияның, авторлық куәліктердің, патенттердің, оқулықтардың авторы, Құрметті білім қызметкері. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Ерен еңбегі үшін» (2007 ж.) медальдарымен марапатталған.

54 жыл бұрын (1961) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Іргелі зерттеулер институтының директоры АРЫН Ғ АЗИН Асқар Қанапияұлы дүниеге келді.

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1988-2001 жылдары - Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде оптика және толқынды үдерістер кафедрасының инженері, теориялық физика кафедрасының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, радиофизика кафедрасының доценті, Іргелі зерттеулер институтының директоры (қоса атқару); 2001-2004 жылдары - ЕҰУ Іргелі зерттеулер институтының директоры, теориялық физика кафедрасының профессоры, халықаралық байланыстар және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, Іргелі зерттеулер институтының директоры, ақпараттық технологиялар жөніндегі проректоры, ректордың кеңесшісі, Инновациялық парк сарапшысы (қос атқару).

53 жыл бұрын (1962) ҚР Парламенті Сенаты аппараты жетекшісінің бірінші орынбасары СЫДЫҚОВ Серік Сіләмжанұлы дүниеге келді.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер. Қазақ КСР Еңбек мемлекеттік комитетінде еңбек ресурстары бөлімінің аға экономисі және іс басқару аға инспекторы, ҚР Еңбек министрлігінің жұмыспен қамту бас басқармасында еңбекті құқықтық реттеу бөлімінің бас заң кеңесшісі, Жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет инспекциясының бастығы, Жұмыспен қамту бас басқармасы бастығының орынбасары; «Тұран-Агро» ЖШҚ заң бөлімінің меңгерушісі, ҚР Президентінің Жоғарғы кеңестегі өкілінің аға сарапшысы, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратында консультант, құқықтық сараптама бөлімінің сектор меңгерушісі, сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әкімшілік бөлім меңгерушісі.

«Құрмет» орденімен, ТМД ПАА Құрмет грамотасымен, «ТМД ПАА. 20 жыл» күміс медалімен, бес медальмен марапатталған.

169 жыл бұрын (1846-1914) американдық өнертапқыш, инженер және өнеркәсіпші ВЕСТИНГАУЗ Джордж дүниеге келді.

149 жыл бұрын (1866-1932) канадалық және американдық өнертапқыш ФЕССЕНДЕН Реджинальд Обри дүниеге келді.

115 жыл бұрын (1900-1987) кеңестік грузин театр және кино актері АНДЖАПАРИДЗЕ Верико Ивлиановна дүниеге келді. 101 жыл бұрын (1914-2002) атақты норвегиялық саяхатшы және ғалым-антрополог ХЕЙЕРДАЛ Тур дүниеге келді. 84 жыл бұрын (1930-2000) сириялық әскери, саяси, мемлекеттік қайраткер, Сирия қорғаныс министрі, Сирия премьер-министрі, 1971-2000 жылдардағы Сирия президенті, генерал Хафез ӘЛ-АСАД дүниеге келді. 75 жыл бұрын (1940) кеңестік және литвалық театр және кино актері, Литва халық әртісі БУДРАЙТИС Юозас Станиславович дүниеге келді.