6 қазан. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 6 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
Асқар СМАЙЛОВ, Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы
1964 жылы Жамбыл облысының Қаратау қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген (1989).
Еңбек жолы: Жамбыл облыстық мемлекеттік төрелігінің арбитрі (1989-1994); Жамбыл облыстық төрелік сотының судьясы (1994-1995); Жамбыл облыстық сотының судьясы (1995-2009); Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы (2009); Жамбыл облыстық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы (2010-2015). ҚР Жоғарғы сотының судьясы (2015-2020); Алматы қалалық сотының төрағасы (2020-2025).
Қазіргі қызметін 2025 жылдың маусым айынан бері атқарып келеді.
Сергей КАРАШИЕВ, Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасының орынбасары
1971 жылы Атырау қаласында туған. Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: Индер ауданында механик (1989); Орал-Каспий балық шаруашылығын қорғау департаментінің Индер балық шаруашылығын қорғау инспекциясының мемлекеттік инспекторы (1992-1999); Ақтөбе облысы бойынша көлік бақылау комитетінің қызметкері (1999); Ақтөбе облысы бойынша көлік бақылау комитеті басшысының орынбасары (2007-2017); Ақтөбе облысы бойынша көлік бақылау инспекциясының басшысы (2017-05/2023); Атырау облысы бойынша көлік бақылау инспекциясының басшысы (05/2023-10/2025).
Қазіргі қызметіне 2025 жылдың қазанында тағайындалды.
Анель БАҚЫТБЕКҚЫЗЫ, Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
1980 жылы туған. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген (2003)
Еңбек жолы: Үндістан Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің атташесі (2004-2006); Сингапур Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы (2006-2007); Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) хатшылығының кәсіби қызметкері (2007-2014); Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) хатшылығының атқарушы директорының орынбасары (2014-2019); Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілінің орынбасары (2019-2023); Страсбургтегі (Француз Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулы (2023-2026).
Қазіргі қызметіне 2026 жылдың шілдесінде кірісті.
Тайыр ҚАРАТАЕВ, «Астана Балет» театрының директоры
1989 жылы Алматы қаласында туған. К.Байсейітова атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған арнайы музыка мектебін, виолончель сыныбын, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын аспапта орындаушылық мамандығы бойынша бітірген (2011).
Еңбек жолы: «Камерата Қазақстан» оркестрінің әртісі (2008); әртісі, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің инспекторы (2015-2016); гастрольдік-концерттік қызмет жетекшісі, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы директорының орынбасары (2016-2018); Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры директорының басқару және маркетинг жөніндегі орынбасары (2018-2019); Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры (2020-2021); Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры (2021-2023); Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының директоры (2023-2025).
2025 жылдың маусым айынан бері қазіргі қызметінде.