6 қазан күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 6 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райын антициклон анықтайды. Тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлер төмен қысымның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, шығыста және орталықта көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстікте шаңды дауыл болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

6 қазан күнгі ауа райы болжамы

Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Павлодар, түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с артады. Қарағанды ​​облысында екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау, таңертең және күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болжанады, желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, күндіз желдің екпіні 25 м/с артады.

Сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының түнде кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Бұдан бөлек, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.