6 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 6 қазанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
10.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Парламенті Сенатының спикері - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтің төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XIX отырысы өтеді.
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
10.00-де «EXPO» халықаралық көрме орталығында ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев KIOGE-2021 «Мұнай және газ» көрмесіне барады.
12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Браконьерлікпен күрес шаралары туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикер: ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев.
Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова, ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүсенов.
Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.