6 қазан. Жылнама
ҚазАқпарат оқырман назарына 6 қазанға арналған атаулы күндер мен есте қалар оқиғалар күнтізбесін ұсынады.
АТАУЛЫ КҮНДЕР
Дүниежүзілік фауна мен флора ортасын қорғау күні
1979 жылы Еуропада жабайы фауна мен флораны, жануарлар жайлаған жерді, олардың мекен ету ортасын қорғау туралы Берн конвенциясы бекітілді. Атаулы күн сол жылы бекітіліп, планетадағы фаунаның мекен ету ортасын сақтау проблемаларына арналған.
Қазақстанда қорғаныс өнеркәсібінің қызметкерлері күні
ҚР Үкіметінің 2017 жылдың 31 қазандағы №689 қаулысымен еліміздегі мерекелік даталар тізімінде бекітілген.
Қазақстанда бухгалтер күні
2003 жылы Орталық бухгалтерлер үйі Қазақстандағы бухгалтерлер күнін белгілеу туралы бастама көтерді. Бұл дата Орталық бухгалтерлер үйінің құрылғанына бір жыл толуымен тұспа-тұс келді.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
2004 жылы ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссия қорытындысы негізінде Қарағанды облыстық мәслихаты Осакаров, Жаңаарқа және Шет аудандарының бірқатар елді мекендерінің атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Октябрь селосы – Қарағайлы, Литвиновка мен Красноармейский ауылдық округі – Есіл, Скобелев ауылдық округі – Сұңқар, Вольский – Сарыөзек, Пролетарский – Ақбұлақ болып өзгертілді. Жаңаарқа ауданының Аппаз ауылына Мұқажан Жұмажановтың, Шет ауданының Жарық теміржол стансасына Сәкен Сейфуллин есімі берілді.
2005 жылы Қазақстан Республикасының аумағында пошта айналымына белгілі қазақстандық ғалым, жазушы және ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 125 жылдығына арналған мөр енгізілді. Көркем пошта маркасында алтын фольгамен мөр қойылған. Брендтің таралымы – 245 000 дана. Суретшісі – Р. Слюсарева.
2011 жылы АЛЖИР-де тұтқында болған литвалық әйелдерге арналған ескерткіш тақтасы ашылды.
2014 жылы қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова Дурбан қаласында (ОАР) жастар арасындағы әлем чемпионатында 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында алтын медальға ие болды. 65 үздік шахматшы мен 42 елдің чемпиондары Динараның қарсыласы болды. Алайда спортшы 11 ұпайдың 10-ын жинап үздік атанды.
2014 жылы Ташкентте Қазақстанның тумасы Леким Ибрагимовтың бүкіл Еуропаны жаулап алған «Мың періште және бір сурет» мега-картинасының көрсетілімі өтті. Картинасының салмағы – 22 тонна, ауданы – 528 шаршы метр, биіктігі – 8 метр, ұзындығы – 66 метр. Орнату төрт күнді алады, ал суретті бекіту үшін екі жарым шақырым болат кабельдер жұмсалады. Бұл сирек кездесетін әсерлі өлшемдер – кенептің басты артықшылығы емес. Арт-нысанды құрайтын 1000 суреттің әрқайсысы көркем каллиграфиямен жазылған жеке сюжеттік композиция болып табылады.
2015 жылы Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында Кіші жүздің ханы мен жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық күресте біріккен қазақ әскерінің қолбасшысы болған Әбілқайыр ханның ортағасырлық қорымы «Хан моласында» салтанатты түрде әйгілі қазақ билеушісіне арналған мемориалдық кешен ашылды.
2015 жылы Caviar зергерлік бренді Қазақстанға арналған жаңа iPhone 6S-тің қымбат нұсқаларын шығарды. Ең алдымен, итальяндық рельефтің дәстүрлі техникасында жасалған алтын көлемді елтаңба көзге түседі. Ал тұлпардың мифтік жылқысының егжей-тегжейлі бейнесі барлық дәлдікпен жасалған. Сонымен қатар телефон моделі Астана мен Алматының көрікті жерлерімен безендірілген.
2016 жылы Қазақстанда Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды. Қазақстан Президентінің Жарлығымен министрліктің негізгі бағыттары ретінде: қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (кибер қауіпсіздік), жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылық айқындалды.
2018 жылы Анталияда 55-ші Халықаралық кинофестивальдің марапаттау рәсімі өтті. «Үздік актриса» номинациясындағы атау «Айка» фильмінде ойнаған Самал Еслямоваға бұйырды.
2018 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бизнесті құтқару қызметі» сынақтық жобасын іске қосты. Енді 1432 нөміріне хабарласып, кеңес алуға және шағын бизнес өкілдерін заңсыз тексерудің алдын алуға болады.