6 қазанда елордада өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елордада 6 қазан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

6 қазанда елордада өтетін маңызды шараларға шолу

09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде ішкі нарықты отандық азық-түлікпен молайту және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мәселелері қаралады.

Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және ведомствоның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00-де «Avenue» бизнес орталығында Ирак Елекеевтің төрағалығымен және барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтеді.

11.00-де Қазақстан коммунистік халық партиясының ғимаратында «Жас ақыл-ойдың шетелге кетуі. Оның себептері және қарсы тұру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Оған «Халық коммунистері» фракциясы депутаттары Zoom арқылы қатысады.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының мектепке дейінгі ұйымдарының қатысуымен «Балабақша – болашаққа бастар жол» атты фотокөрме өтеді.

16.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Жолдауда жүктелген тапсырмалардың жүзеге асу барысы туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.