6 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 6 қыркүйек күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді. Депутаттар Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыр көлігі және электр желілері арқылы энергия ресурстарын өткізу кезінде бірлескен кедендік бақылау туралы ратификациялық келісімді қарайды. Тікелей эфирді parlam.kz ресми сайтынан, Мәжілістің YouTube арнасынан және Facebook парақшасынан көруге болады.

10.30-да «AIFC Property Offices» орталығында «Орталық Азия онкологиялық апталығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Студенттерді жаңа оқу жылында жатақханамен қамтамасыз ету» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Абылайхан Ақерке; ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі-студенттік омбудсмен Айсұлу Ерниязова; «Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Айнұр Сайранқызы Сағындықова. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

12.00-де Қаражар ауылында «Ұлы дала жорығы-2023» марафонының екінші маусымы аясында Астана-Түркістан бағыты бойынша баспасөз конференциясы өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «МӘМС жүйесін жетілдіру туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер:

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Сұлтанғазиев Тимур Сламжанүлы;

«Медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұхамеджан Ілияс Тұғышқанұлы; Профильді мамандар. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz


Соңғы жаңалықтар