6 қыркүйекте республиканың батысы мен шығысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ хабарлайды.

6 қыркүйекте республиканың батысы мен шығысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Республиканың батысында және шығысында ғана ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды және жел күшейеді.

Атырау, Маңғыстау, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Костанай облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Алматы облысында күндіз кей жерлерде қатты ыстық болады деп күтілуде.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, республиканың орталығы және батысында кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.