6 мамыр. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 6 мамырда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты бүгін ҚР басым бөлігінде жаңбыр, еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде найзағай ойнайды; жел күшейіп, оңтүстік-шығыста, батыста – бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – дауыл, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл болады.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында дауыл, таулы асуларында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында бұршақ, дауыл күтіледі. Атырау облысында, Алматы облысының оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, күндіз Павлодар, Қарағанды облыстарының батысында, солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында бұршақ, күндіз облыстың оңтүстігінде – шаңды дауыл, облыстың басым бөлігінде – желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі. Таңертең және күндіз Ақмола облысында желдің 15-20, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.