6 мамырда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 6 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

6 мамырда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН

8.00-де ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Ақмола облысындағы «Жасыл аймақ» РМК орман алқабына баспасөз турын өткізеді.

18.30-де Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақконцерт ұжымы симфониялық музыка кешін өткізеді.

19.00-де Жастар театрында «Қанаттылар» музыкалық-поэтикалық қойылымы көрсетіледі.

19:00-де Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Детектив Кристофер» детективті драмасының премьерасы өтеді.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасы көрсетіледі.