18:43, 01 Қазан 2015 | GMT +5
6 машинаны қастандықпен өртеп жіберген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің оңтүстік ауданында алты көлік өртенді.
Келеңсіз жағдай өткен түнде Дорожная көшесіндегі көлік тұрағында орын алған. ТЖМ-нің ақпаратынша, өрт сөндіруші командалар оқиға орнына түнгі 00:30-да келіп жетті. 50 шаршы метр аумақта алты көлік - бір жүк және бес жеңіл машина отқа оранған.
Полицияның алдын ала болжамы бойынша, көліктер қасақана өртелген.