6 маусымға арналған маңызды оқиғалар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 6 маусым күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

аңдатпа
Фото: Pixabay

Астана

9:00-де Hilton Astana қонақүйінде 14-ші Халықаралық тау-кен металлургия конгресі және «Astana Mining&Metallurgy» - АММ 2024 көрмесі ашылады.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады.

10.00-де Конституциялық Сотта алғаш рет Брайль шрифтінде басылып шыққан Конституцияның тұсаукесері өтеді. Өтетін орны: Мәңгілік ел, 13.

11.30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ Баспасөз конференциясы. Тақырыбы: «Қазақстанда туризмнің дамуы мен жазғы маусымға дайындық туралы» https://www.youtube.com/user/ortcomkz

14.30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ Баспасөз конференциясы. Тақырыбы: «Еліміздегі эпизоотиялық жағдай және су тасқынынан келтірілген залалды өтеу туралы» https://www.youtube.com/user/ortcomkz

15:00-де Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығында «Қазақстан – Үндістан: өнер ынтымақтастығы» атты көрменің салтанатты ашылуы өтеді.

15:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Италияның Астанадағы елшілігі, Алматы қаласындағы Италия мәдениет институты, ForteBank, Mastercard және Scripta Maneant баспасы Леонардо Да Винчидің «La Bella Principessa» картинасы көрмесінің ашылуына арналған баспасөз конференциясына қатысуға шақырады. Өтетін орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі.

16:00-де Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Қарабаевтың қатысуымен «Жол құрылысы маусымы аясында атқарылатын жұмыстар» тақырыбы бойынша брифинг өтеді. Өтетін орны: «Транспорт Тауэр» ғимараты.

Алматы

9:00-де «Денсаулық сақтау саласының трендтері және қауіп-қатер: Біркелкілік. Дараландыру. Медициналық сауаттылық» V Kazakhstan Healthcare Forum 2024 форумы. Өтетін жері: InterContinental Almaty қонақүйі.

10:00-де 19-шы Халықаралық сауда әлемі Конвенті өтеді. Өтетін орны: Тимирязов көшесі 42, «Бақшасарай» қабылдау үйі.

11:00-де Х. Левенсхольдтің «Сильфида» атты романтикалық балетінің жаңа қойылымының таныстырылымы мен мерейтойлық 90-шы маусымның аяқталуына орай баспасөз мәслихаты өтеді. Өтетін орны: Қабанбай батыр 110, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры.