6 маусым күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 6 маусым күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.
АСТАНА ҚАЛАСЫ
Сағат 9.30-да Hilton Astana қонақүйінде Қазақстан -Словения бизнес-форумы өтеді.
Сағат 10.00-де Мәжілісте «Нұр Отан» партиясы фракциясының жиыны жоспарланған.
Сағат 10.00-де Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-ші пленарлық отырысы өтеді.
Сағат 10.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Менингококк инфекциясының ахуалы» тақырыбында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.
Сағат 10.30-да Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдарының еңбекақы төлеу жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді.
Сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасында «Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында аймақтық ынтымақтастық Орталық Азия елдеріндегі тұрақтылықтың кепілі» атты халықаралық дөңгелек үстел отырысы жоспарланған.
Сағат 11.00-де «Қазақстан Азаматтық альянсы» Заңды тұлғалар бірлестігінің Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың қатысуымен конференция өтеді.
Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Qazaqstan» Ұлттық арнасының «Men qazaqpyn» жобасына байланысты баспасөз мәслихаты өтетіні күтілуде.
Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында «Третьяков галереясы топтамасынан ХХ ғасырдың 50 жауһары» деп аталатын көрме ашылады.
Сағат 15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Киелі Қазақстан» QazaqGeography Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамының және «Арал 2018» экспедициясының нәтижелері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 16.00-де Үкімет үйінде Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысумен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтеді.
Сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысы жоспарланған.
АЛМАТЫ
Сағат 10.00-де «Almaty Towers» бизнес орталығында KASE Startup алаңы ресми түрде ашылады.
Сағат 10.30-да туризмді дамыту мақсатында биылғы демалыс маусымында алғаш рет әуеге көтерілген Астана-Үшарал-Астана бағытындағы ұшақ Үшарал қаласының әуежайына келіп қонады. Бұл әуе байланысымен туристердің алғашқы легі ұшып келмек.
Сағат 12.00-де Қазақстандық баспасөз клубында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен менингококк инфекциямен байланысты жағдайды түсіндіруге арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
13.00-де «Rixos» қонақ үйінде Кардиология қауымдастығының 10-шы конгресі, Қазақстан Республикасы дәрігерлерінің 5-ші съезі, Түркі әлемі кардиологтары қауымдастығының 9-шы Конгресі және ДДҰ Алма-Ата декларациясының 40 жылдығына арналған «Silk Way» аритмологтарының конференциясы өтеді.
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ
Сағат 9.00-де Атырау облысының Қорғаныс істері департаментінде «Көктемгі шақыру 2018» науқанына орай өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, қоғамда әскери қызметтің оң имиджін қалыптастыру және оны қолдау мақсатында тұрғындармен кездесу өтеді.
Сағат 10.00-де Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін насихаттау және Әділет департаментінің бағыттары бойынша заңнамаларға енген өзгерістерді түсіндіру мақсатында құрылған құқықтық-насихат топ Атырау ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізеді.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Сағат 11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Оңтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарының қатысуымен облыстың табиғи аумақтарында экологиялық туризмді дамыту мәселесі бойынша баспасөз-мәслихаты өтеді.