6 маусым. Тұлғалар туған күн
ЕСІМДЕР
8 7 жыл бұрын (1936) белгілі суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Тұрсын ӘБУОВ дүниеге келді.
Алматы облысының Іле ауданында туған. 1966 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет улищесін, 1976 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірді.
Әбуов Тұрсынның кескіндемеші ретінде шығармашылық қалыптасуы өте бір ерекше заман – өткен ғасырдың 60-шы жылдарының аяғына сай келді. 70-ші жылдардағы ең үздік жұмыстары деп Ә.Қастеев атындағы МӨМ қорында сақтаулы тұрған «Көктемгі Алатау», «Гүлдер», «Көне ыдыс-аяқ», «Іле», «Шатқал», «Тау бағбаны» деген еңбектерін айтуға болады. Т.Бигелдиновтың портреті Мәскеуде Қарулы күштер мұражайында сақтаулы тұр. 80-90-шы жылдары Т. Әбуов кең түрдегі тақырыптық серияларға, «Іле тұқым шаруашылығы триптихы», «Қазақстан триптихы. Тың», «Абай халық арасында» (1984), «Қиын жылдар», «Мейрамдар» (1987), «Көлсай» мен «Өмір өткелдері» триптихтері (Н.Ә.Назарбаевтың жеке топтама қорында) сияқты көпфигуралы композицияларға көбірек ден қоя бастайды, оның ішінде «Өмір-Өзен» атты триптихы айрықша. Бұл мазмұны жағынан да, көлемі жағынан да (биіктігі 170 см, ұзындығы 23 м) көлемді картиналардың бірі. Суретші өз тағдырының белестері арқылы туған жерінің көріністерін, ұлттық дәстүрлерді көрсетеді.
4 6 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Данияр Валерьевич ВАГАПОВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылғы сәуірден желтоқсанға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің Заңнаманы құқықтық сараптау, кодтау және жүйелеу басқармасының жетекші маманы. 1999 жылдан 2000 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету басқармасының Заңнаманы талдау бөлімінің бас маманы. 2000 жылдан 2001 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті Құқықтық сараптама, заңнаманы жүйелеу және құқықтық жалпыға міндетті оқу басқармасының құқықтық сараптама бөлімінің бастығы. 2001 жылдан 2002 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты. 2002 жылдан 2003 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің азаматтық және шаруашылық заңнама секторының меңгерушісі. 2003 жылдан 2006 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры. 2006 жылдан 2007 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеген. 2007 жылдан 2008 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдігі басшысының орынбасары. 2008 жылдан 2013 жылғы қыркүйекке дейін – «Нұр Отан» ХДП Заң басқармасының басшысы, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары. 2013 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы. 2014 жылғы тамыздан бастап 2018 жылғы мамырға дейін – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы. 2018-2020 жылдары Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды,
2020 жылдың маусымынан бастап қазіргі қызметінде.
42 жыл бұрын (1981) Түркістан облысы әкімінің аппарат басшысы Еркеғали Амантайұлы ӘЛІМҚҰЛОВдүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «кеден ісі» мамандығы бойынша, 2005 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын «құқықтану» мамандығы бойынша, 2007 жылы Алматы экономикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша оқу бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі аймақтық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру басқармасында жетекші маманның м.а, жетекші маман ретінде бастаған. 2005-2007 жж. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелесті қорғау комитеті бәсекелестікті қорғау басқармасының бас маманы. 2007-2008 жж. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелесті қорғау комитетінің бөлім бастығы. 2008-2010 жж. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) тауарлы нарықтар мен біріктіруді мониторингілеу, талдау департаментінің басқарма басшысы. 2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) тауарлы нарықтарды және талдау департаменті директорының орынбасары. 2010 жылдың желтоқсаны мен 2011 жылдың мамыр айы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша аймақаралық инспекциясының басшысы. 2011-2012 жж. - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Төрағасының орынбасары. 2012-2013 жж. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының кеңесшісі. 2013-2016 жж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2016-2017 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы. 2017-2018 жж. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі. 2018-2021 жж. Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы. 2021 жылғы наурыз-сәуір айлары аралығында - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры. 2021-2022 жж. «Нұр Отан» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары. 2022 жылғы наурыз-мамыр айлары аралығында – «AMANAT» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары. 2022-2023 жж. Астана қаласы әкімдігінің «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АК Басқарма Төрағасы.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың қаңтар айынан бері атқарып келеді.