6 млн теңгенің «Парацетамол» дәрісін қымбат бағада сатпақ болған азамат ұсталды

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында «Парацетамол» дәрілік препаратын 6 млн теңгеге сатпақ болған азамат ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

6 млн теңгенің «Парацетамол» дәрісін қымбат бағада сатпақ болған азамат ұсталды

2020 жылғы 15 шілдеде күшейтілген карантин жағдайында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1993 жылы туған Қазақстан азаматы ұсталды. Ол «Парацетамол» дәрілік препаратын жоғары бағамен (пластинасы 300 теңге) тиісті құжаттарсыз заңсыз сатпақ болған.

Тінту кезінде 6 млн теңге сомасына «Парацетамол» дәрілік препаратының 20 000 пластинасы алынды, олар сарапшы-маманның қорытындысынан кейін жедел респираторлық аурулардан емдеуге одан әрі пайдалану үшін Алматы облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына тапсырылатын болады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 214-бабы (Заңсыз кәсіпкерлік) бойынша тергеу ісі басталды.