6 млрд доллар шығынға батырған JP Morgan банкінің бұрынғы трейдері тұтқындалды
АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - АҚШ-тың сұрау салуымен Испанияда JP Morgan банкінің бұрынғы трейдері Хавьер Мартина-Артахо тұтқындалды, деп хабарлайды Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты.
The Telegraph хабарынша, банктің бұрынғы қызметкеріне жалған есеп жасады деген күдік келтірілуде, сол әрекет өз кезегінде «Лондон киті» деген лақап атымен танымал басқа бір трейдер - Бруно Иксилге кредиттік-дефольттік своптар (CDS) нарығында қулық әрекеттерге баруға мүмкіндік берген.
Иксилдің жаңсақтығы лондондық JPMorgan Chase-ті алғашқы есеп-қисап бойынша 2 млрд доллар шығынға батырған, ал соңғы бағалау бойынша бұл цифр үш есеге өскен. Иксил ашқан позицияларды жою үшін банкке шамамен 6 млрд. доллар қажет.
Бұрындары Бруно Иксил АҚШ Әділет департаментімен мәміле жасасқан, ол оған қылмыстық қудалаудан құтылуға мүмкіндік берді. Одан айыптау өзінің екі әріптесінің ісіне қатысты, олардың бірі - Мартин-Артахо, тергеуге көмектесуге айырбас ретінде алынып тасталынған еді. Мартина-Артахоны экстрадициялау үшін Испания Ұлттық сотының арнайы шешімі қажет.