6 мың қазақстандық жас 2,5 пайызбен несие ала алады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жастарды кәсіпке тарту үшін 6 мың азаматқа 5 жыл мерзімге 2,5 пайызбен шағын несие беріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, ол несиенің сомасы 5 млн теңге болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы республика бойынша биыл салалық тұжырымдамалар мен ұлттық жобалар шеңберінде 75 мыңға жуық жұмыс орнын, қаржыландыру көлемі 131 млрд теңге болатын 150 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда», - деді министр.

Оның айтуынша, аталған жұмыс орындарын ұстау шығындарын мемлекет субсидиялайды.

«780 мың адамды жеке бастамалар шеңберінде және жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарына орналастыру жоспарланып отыр. Құрылатын жұмыс орындарының жалпы санының шамамен 20% жастар мен мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға бағытталады.

Бұдан басқа, 6 мың жас азаматқа 5 жылға жылдық мөлшерлемесі 2,5% болатын 5 млн теңгеге дейінгі жеңілдікті микрокредиттер беріледі. Ерекше қажеттілігі бар жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарға 1,2 млн теңге мөлшерінде 9 мың грант беріледі», - деді Тамара Дүйсенова ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.


Соңғы жаңалықтар