6 мыңға жуық босқын Мексикадан АҚШ шекарасына бет алды

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Америка елдерінің саммиті қарсаңында бірнеше мыңдаған мигрант Оңтүстік Мексикадан Құрама Штаттардың шекарасына бет алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

Миграция қызметкерлерінің айтуынша, бұл соңғы жылдарғы өңірдегі ең ауқымды босқындар керуені болмақ.

Кем дегенде 6 мың адам шекара маңындағы Тапачула қаласынан шығып, АҚШ шекарасына қарай бет алған.

Мексика ұлттық миграция институты топтың нақты саны бойынша ешбір мәлімет жарияламады.

Агенттіктің жазуынша, өмір сүру үшін жақсы жағдай іздеген мигранттардың көпшілігі Венесуэладан келген.

Керуен босқындары Лос-Анджелесте өтетін саммитке қатысуды жоспарлап отыр. Солайша, мемлекеттер көшбасшыларының назарын кедейшілік пен зорлық-зомбылыққа аударып, бұл жағдайға дереу әрекет етуге шақырмақ.

Америка президенті Джо Байден осы аптада көші-қош бойынша өңірлік келісім туралы жариялайтыны күтіледі. Ол бұған дейін елдің иммиграциялық саясатындағы жекелеген шектеу шараларын алып тастауға уәде еткен болатын.

Айта кетейік, өткен жылы босқындардың рекордты саны америка-мексика шекарасынан өтпек болған еді.


Соңғы жаңалықтар