6 мыңға жуық солтүстікқазақстандық медсақтандыруға қатысуға мүмкіндік алды
«ӘМСҚ» КЕАҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл төлемді жұмыс берушілер 224 мыңнан астам адам үшін жасаған. Сондай-ақ 5 мың 776 солтүстікқазақстандық бірыңғай жиынтық төлем жасау арқылы медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде олар медициналық қызметтерді толық көлемде пайдалана алады.
«2017 жылдың 1 шілдесінен бастап биылғы 30 қыркүйекке дейінгі аралықта жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына салған жарналары мен төлемдерінің жалпы сомасы 214,4 млрд теңгеге жетті», - делінген хабарламада.
Оның 205,5 млрд теңгесі немесе 95,9 пайызы жұмыс берушілерден түскен ақша, ал қалған 8,9 млрд теңге, яғни 4,1 пайызы жеке кәсіпкерлердің немесе азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істеушілердің жарналары.
Ел өңірлері арасында ең көп қаражат Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан және Қарағанды облысынан түскен.
МӘМС бойынша жиналған қаражат сенімді басқару бойынша келісім жасалған Ұлттық банкте сақталған. Болашақта бұл сома МӘМС аясында көрсетілетін қызметті төлеуге жұмсалады.