6 мыңнан астам өзбекстандыққа Қытай вакцинасы салынды

ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат - Өзбекстанда қытайлық Zhifei Loncom Biofarmaceutical компаниясы жасаған ZF 2001 вакцинасының үшінші клиникалық сынағы жалғасуда. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

6 мыңнан астам өзбекстандыққа Қытай вакцинасы салынды

Өзбекстанның Инновациялық даму министрлігінің хабарлауынша, ZF 2001 вакцинасының ІІІ фазалы сынақ кезеңіне қатысуға ниет білдірген еріктілер саны 14 008 адамға жетті.

5 ақпан күнгі жағдай бойынша, атаулы вакцинаның 1-дозасын 6484, 2-ші дозасын 1045 ерікті қабылдаған.

Сонымен қатар, вакцина алу ниетте келген әрбір азамат тіркеуден өтеді және олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Кейінгі жағдай бойынша оның антропометриялық белгілері - бойы мен салмағы өлшеніп, иммуноферментті анализін (IFA) алуға алуы керек. Бұл тексерудің нәтижесі 20 минут ішінде дайын болады.

Бұл тест қанда вирусқа қарсы антиденелердің бар-жоғын анықтайды. Ол азаматтың коронавирусты бұрын жұқтырғанын білу үшін қажетті фактор, - делінген хабарламада.