6 наурыз күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

анонс
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 6 наурыз күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

11:00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Қазіргі азаматтық қоғамдағы руханият және парыз сезімі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталады.

12:00-де ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде «Жалпыға ортақ декларациялау» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

12:00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметі туралы брифинг өтеді.

14:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Шетелдік рұқсат бланкілерін таратудың жаңа тәртібінің жобасын талқылау» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Қоштасқым келмейді» музыкалық драмасы қойылады.

19.00-де Жастар театрында «Өмір» драмасы сахналанады.

19.00-де Әзербайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Келіндер көтерілісі» комедиясы ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар