6 наурызда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 наурызда Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, солтүстік өңірлерде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

6 наурызда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде кей жерлерде бұрқасын болады жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде желдің жылдамдығы 30 м/с жетуі ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы - 15 м/с.

Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күтіледі, Жамбыл облысында көктайғақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, түнде жел 15-20 м/с күтіледі.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, түнде Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.