6 өңірде бүгіннен банкоматтар қолма-қол ақшамен қамтамасыз етіледі - Ұлттық банк

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгіннен бастап Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс-Қазақстан облыстары мен Шымкент, Ақтау және Түркістан қалаларында банкоматтарды қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

6 өңірде бүгіннен банкоматтар қолма-қол ақшамен қамтамасыз етіледі - Ұлттық банк

«Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жағдайы тұрақты жекелеген аймақтарда, атап айтқанда, 8 қаңтардан бастап Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс-Қазақстан облыстары мен Шымкент, Ақтау және Түркістан қалаларында екінші деңгейлі банктермен банкоматтарды қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың жалғасып жатқанын хабарлайды», делінген мәліметте.

Айта кетейік, бұған дейін Kaspi банк пен Halyk Bank-тің мобильді қосымшалары интернетсіз жұмыс істеп тұрғанын хабарлаған болатынбыз.