6 сәуір күні Астанада өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат –ҚазАқпарат агенттігі 6 сәуірде ел астанасында өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.
None

Сағат 11.00-де «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» баспасөз орталығында «Атаулы әлеуметтік көмек» тақырыбында онлайн брифинг өтеді.

Спикер: Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова.

Шара «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі (facebook.com/rsk.astana01) және Instagram-дағы (instagram.com/rsk.astana) ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

Сағат 11.00-де «Есіл» ауданы полиция басқармасында халықтан заңсыз сақтаудағы атыс қаруын сатып алу акицясына арналған брифинг болады.

Сағат 15.00-де Оқушылар сарайында Қазақстан, Өзбекстан және Беларусь, Ресей сарапшыларының қатысуымен атом энергетикасы туралы телекөпір өтеді.

Сағат 15.00-де Астана медицина университетінде Е.Д.Дәленов атындағы ғылыми-зерттеу инстиутының ашылу салтанаты басталады.

Сағат 16.00-де сән әлемінде Қазақстан атын танытып жүрген Айнұр Полатовамен кездесу өтеді. Жас дизайнердің жұртпен кездесуіне Louis Vuitton брендінің өкілдігі мұрындық болып отыр. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Айнұр Полатова қазақи үстел ойныдарын ойлап табушы ретінде де танымал.


Соңғы жаңалықтар