6 сәуір. Тұлғалар туған күн

Ақмола облысында туған. Алматы көркем өнер училищесін (1977), КСРО көркем өнер академиясына қарасты И.Е. Репин атындағы Ленинград көркем сурет, мүсін және архитектура институтын (1977) бітірген.
Еңбек жолы: Ұ.Таңсықбаев атындағы Алматы көркем өнер колледжі (1977-1996); Қазақстанның мемлекеттік орталық мұражайы (этнология бөлімінің ғылыми қызметкері, жетекші ғылыми қызметкері, 1996-2000); ҚР ҒА М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты (көркем өнер бөлімінің аға ғылыми қызметкері, 1996-1998); Астана қаласындағы Президенттік мәдени орталығы (реставтрация бөлімінің жетекшісі, кеңесші-реставратор, 1999-2005). Ғылыми-үйлестіру қызметі: Ұ.Таңсықбаев атындағы Алматы көркемөнер колледжінде көркем сурет бойынша циклдық комиссия төрағасы, көркем өнер-педагогика бөлімінің жетекшісі (1977-1996). 2007 жылы Мәскеуде өткен IV халықаралық «Кітап өнері» сайысында «Этнография традиционного воооружения казахов» атты монографиясы үшін ІІІ дәрежелі дипломмен; 2006 жылы ҚР Көркем өнер академиясының мәдениетті, көркем өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет дипломымен және алтын белгімен марапатталды; 2011 жылы «Жыл суретшісі» атағына ие болды және Астана қаласының суретшілер одағының «Алтын палигра» сыйлығын алды. 2013 жылы Қазақстан суретшілер одағының 80 жылдығына орай «Шығармашылықтағы ерекше жетістіктері үшін» медалімен марапатталған.

Жамбыл облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер (1988).
Еңбек жолы: Жамбыл облысы Чапаев атындағы совхозда тоқ дәнекерлеуші (1979-1980); совхоздың машина ауласының слесарі (1982-1988); Петропавл қаласының заң кеңсесінің адвокаттар алқасында тағлымдамашы (1988-1989); Петропавл қаласының адвокаты (04.1989-06.1989); Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық сотының судьясы (06.1989-03.1989); СҚО Ленин аудандық сотының судьясы (03.1990-12.1990); Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мүшесі (1990-1997); Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы (1997-1999); Теміртау қаласы сотының төрағасы (1999-2002); Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы (2002-2007); Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы (2007-2009); Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы (2009-2010); Жамбыл облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы (2010-2011); Маңғыстау облыстық сотының төрағасы (2011-2015); Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы (2015-2017); Ақмола облыстық сотының төрағасы (2017-2022).
Қазіргі қызметінде – 2022 жылдың маусымнан бастап.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған (2005).

Целиноград қаласында (қазіргі Астана) дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін бітірген (1997).
Еңбек жолы: «Астана-Аудит» Орталық аудиторлық компаниядағы аудитордың көмекшісі, бас бухгалтер, директордың орынбасары (1997-2002); ҚР СІМ валюта-қаржы департаментінің жетекші маманы (2002); Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы елшілігінің аға бухгалтері (2002-2008); азақстан Республикасы СІМ Бюджеттік жоспарлау және талдау басқармасының бас маманы, басшысы; (2008-2012); Қазақстан Республикасы СІМ Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары (2012-2015); Қазақстан Республикасы СІМ Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің директоры (2015-2017); Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің Бонн қаласындағы бөлімшесінің кеңесшісі (2017-2021); Қазақстан Республикасы СІМ Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаментінің директоры (02.2021-12.2021).
Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың желтоқсаннан бастап.

Алматы қаласында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған, халықаралық қатынастар маманы, референт (1997). Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі консулдық қызметінің маманы, атташе (1997-1999); Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Түркия Республикасындағы консулдығының атташесі (2002-2003); Амстердам қаласындағы ҚР-ның Бас консулдығының вице-консулы (2003-2005); Гаага қаласындағы ҚР-ның Нидерланды Патшалығындағы Дипломатиялық миссиясының екінші хатшысы, бірінші хатшысы (2005); Түркия Республикасындағы ҚР елшілігінің бірінші хатшысы (2005-2006); ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің мемлекеттік және үкіметтік сапарлар бөлімінің басшысы (2006); Қазақстан Республикасы Президенті протоколының консультанты (2006-2009); Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығының кеңесшісі (2009-2012); Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы бас консулы (2012-2014); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы (2014-2017); «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Протокол Қызметінің басшысы (2017); ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің басшысы (2017-2018); Қазақстан Республикасы Президенті Протоколы басшысының орынбасары (2018-2019). Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Протоколының басшысы (2019-2021).
2021 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.

Алматы қаласында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің бакалавриаты мен магистратурасын тәмамдаған. Экономика магистрі.
2009-2010 жылдары- Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігінің инвестициялық қызмет департаментінің инвестициялық жобаларды басқару сарапшысы. 2010-2011 жылдары- Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің инвестициялық жобаларды басқару бас сарапшысы. 2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің инвестициялық жобаларды басқару жетекшісі. 2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары. 2014 жылдың ақпан-қазаны – Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары. 2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары. 2015-2016 жылдары – Павлодар облысы индустриялдық-инновациялық даму басқармасының жетекшісі. 2016 жылдың тамызы – 2019 жылдың сәуірі – Астана қаласы әкімдігінің инвестициялар және даму басқармасының жетекшісі. 2019 жылдың 17 сәуірінен – «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары (2020-2021). Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі (2021-2022).
Атқаратын лауазымында – 2022 жылғы ақпаннан бастап.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.