6 сәуірде күн жаңбырлы болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 6 сәуір, сенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.  

ауа райы
Фото: Pexels

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттар жүріп өтеді.

Осыған байланысты жаңбыр жауады. 

Республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жауын болады, батыс, оңтүстік облыстарда найзағай жарқылдайды. 

Тек солтүстік және шығыс аймақтарда әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

ҚР бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында дауыл тұрады.