6 шілде күні республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 шілде күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай болады, жекелеген аудандарында бұршақ болуы ықтимал. Кей жерлерде жел күшеюі сақталады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

6 шілде күні республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

 Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.  Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел  15-20 м/с күшейеді. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы ықтимал. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал. Атырау облысында  қатты ыстық күтіледі. Атырау облысында, Қызылорда облысының кей жерлерінде  өте жоғары өрт қауіпі сақталады.