6 шілдеден бастап елдегі ХҚКО-лар жұмыс істемейді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 6 - 9 шілде аралығында ел бойынша барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7 және 8 шілдеде Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ақпараттық жүйелерінде көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтері бойынша жүргізілетін техникалық жұмыстарға байланысты Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-ларының жұмысы тоқтайды. Бірақ кезекші ХҚКО-лар осы күндері қызмет алушыларды қабылдайтын болады», - делінген «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының сайтында жарияланған хабарламада.

Сондай-ақ 6 және 9 шілде күндері ел бойынша барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.

Ал 10 шілдеден бастап мамандандырылған ХҚКО-лар штаттық режимде, яғни 9:00-ден 18:00-ге дейін және кезекші ХҚКО-лар 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар