6 шөлмек арақ ішкен ресейлік алкотестерді істен шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Челябі қаласында металл жинайтын қарапайым жұмысшы жаңадан ашылған жергілікті айықтырғышқа бірінші боп келгенімен қоса, алкотестерді де істен шығарды.
Аппарат клиенттің демін көтере алмады. Ер адам үш литр ішімдік ішкенін айтты, алайда мұны растау мүмкін болмады, себебі жабдық аса күшті алкогольді тексеруге шамасы жетпеді, артынша сөніп тынды. Айықтырғыш қызметкерлерінің мас азаматқа хаттама толтырып, оны ұйықтауға жіберуден басқа амалдары қалмады.
Челябіде қаңтарда айықтырғыш ашылған. Ол 35 адамға арналған, деп хабарлады "Россия 24" арнасы.