6 ТАМЫЗ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

6 тамыз, ДҮЙСЕНБІ
Ямайканың Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1962). Тамыз айының 1-ші дүйсенбісінде атап өтіледі. Ал негізінен Ямайка тәуелсіздігін 1962 жылғы тамыздың 6-да алған. Ямайка - Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Кариб теңізіндегі өзі аттас аралдар мен оған таяу шағын аралдарда орналасқан. Астанасы - Кингстон қаласы. Ресми тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - ямайка доллары. Мемлекет басшысы - Ұлыбритания королевасы Елизавета II. Үкімет басшысы - Премьер-Министр.
Хиросима күні. Ядролық қаруға тыйым салу үшін күрестің бүкіләлемдік күні. 1945 жылы тамыздың 6-ында АҚШ ұшқышы Томас Фереби басқарған «Энола Гей» атты Б-29 әскери ұшақ Жапонияның Хиросима қаласына әлемдегі ең бірінші атом бомбасын тастады. Тарих қойнауына жүгінсек, осынау адамзат тарихындағы ең жауыздық іс-әрекеттің американ әскері үшін ешқандай қажеттілігі болмаған. Себебі соғыстың соңына қарай Жапония армиясы талқандалып, Тынық мұхиты айдынында АҚШ-қа еш қауіп төндірмеген. Ал бомба тастау үшін Хиросиманы арнайы таңдап алуы қаланың географиялық орналасуы, үш жағынан тау қоршап тұратындығы себеп болған. Бұл 20 килотонналық уран бомбасының өз күшін толық пайдаланып, ажал уын себуіне таптырмайтын нысана еді.
Халықаралық «Дәрігерлер бейбітшілік үшін» күні. Хиросимаға бомба тасталған күннен бастап, «Әлем дәрігерлері ядролық соғысқа қарсы» халықаралық қозғалысы атқару комитетінің шешімі бойынша аталып өтіледі.
Боливия Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздігін жариялаған күні (1825). Боливия - Оңтүстік Американың орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде және батысында Бразилиямен, оңтүстік-шығысында Парагваймен, оңтүстігінде Аргентинамен, батысында Чили, Перумен шектеседі. Ресми астанасы - Сукре, ал іс жүзіндегі астанасы - Ла-Пас. Мемлекеттік тілі - испан, аймара, кечуа тілдері, дегенмен бұларға қарағанда үнді тілі ауқымды қолданылады. Ақша бірлігі - боливиано. Мемлекет басшысы - Президент.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
56 жыл бұрын (1956) КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Мақта өндіруді арттыру үшін Өзбек КСР-і мен Қазақ КСР-інде Мырзашөлдің тың жерлерін суару және игеру туралы» қаулысы қабылданды.
43 жыл бұрын (1969) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен «Неке және отбасы» Кодексі бекітілді.
98 жыл бұрын (1914) Австрия-Венгрия Ресейге соғыс жариялады. Австрия-Венгрия үкіметі өздерінің негізгі мақсаты - Польшаны басып алу екендігін мәлімдеді. Полковник Пилсудский бастаған Польша легионы да соғыс әрекетін бастап кетті. Сол күні Сербия мен Черногория Германияға соғыс ашты.
78 жыл бұрын (1934) 19 жыл бойы АҚШ басқыншылығында болған Гаити аралынан Америка жаяу әскерлері әкетіле бастады.
9 жыл бұрын (2003) Жамбыл облысының Қаратау қаласында фосфор саласының кеншілеріне арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды.
1937 жылғы бірінші геологиялық барлау экспедициясы кезінде Қаратау фосфорит алабының көлемі, сапасы және сипатты анықталды, ал 1941 жылы олардың өнеркәсiптiк игеруi басталды. Бұл жерде бастапқысында Шолақтау кенті пайда болған, тау-химия комбинаты салынды, инфрақұрылым саласы дамыды, халықтың саны өсті. Кейінен, 1963 жылы ауылға қала дәрежесін беру туралы шешім қабылданды. Бүгінгі Қаратау Қазфосфат» ЖШС-ның бөлімшесі болып табылатын тау-химия комбинатының іске қосылуының арқасында ұзақ жылдардағы тоқыраудан кейін қайтадан жаңғырып келеді.
7 жыл бұрын (2005) Батыс-Сiбiр және Оңтүстiк-Орал темiр жолдарының тарихында тұңғыш рет Петропавл мен Омбы қалаларының арасында жүретін «Экспресс» жүрдек пойызы пайда болды.
Жаңа жүрдек электрпойызының вагондары 1-шi, 2-шi және 3-шi санаттан тұрады. Ең жайлысы 1-ші санаттағы вагондар болып саналады. Оның ішінде жолаушылардың орнықты сезінуі үшін жұмсақ креслолар, олардың арасында үстелшелер, теледидар, бар орнатылған.
5 жыл бұрын (2007) Алматы облысының Кербұлақ ауданында полиэтилен тұрбаларын өндіретін «Каро» ЖШС-ы салтанатты түрде ашылды.
Кәсiпорынның өндiрiстік қуаты жылына 5 мың тонна шикізатты қайта өңдеп шығарады, және диамері 60-тан 630 милиметрге дейін 100 мың метр полиэтилен тұрбаларын шығаратын мүмкіндігі бар.
3 жыл бұрын (2009) Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданы аумағындағы Қызыл қоғам кенішінде қиыршық тас өндіретін зауыт іске қосылды.
Зауытта финдік өндірісшілердің жабдығы орнатылған. Өнімді тұтынушыларға жеткізу мақсатымен ұзындығы 5,4 шақырым теміржол желісі тартылған. Негізгі тұтынушылар ретінде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары, Астана мен Ресейдің Омбы қаласы тапсырыс берген.
12 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Қазақстан Республикасының патент заңы», «Жер астында және ашық жерде, аса зиянды және ауыр жұмыс жағдайында жұмыс істейтін тұлғаларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы» және «Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлкеттік қолдау туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдары жарияланды.
123 жыл бұрын (1889) боксшылардың қолғапсыз соңғы айқасы өтті. Қазіргі бокс көне дәуірде белгілі болған жұдырықтасу айқастарының бірі. Б.з. дейінгі 4 ғасырда қазіргі қолғаптардың баламалары пайда болды. атлеттер кездесулер алдында қолдарына былғары ленталар байлаған. Ал қазіргі бокс 18 ғасырдың басында Англияда пайда болды. оның негізін қалаған және ресми түрде мойындалған алғашқы чемпион ағылшындық танымал семсерлесуші Джеймс Фигг болды. 1865 жылы бокстың алғашқы ережелері шықты, онда рингтің өлшемдері, раундтардың ұзақтығы және қолғаптардың салмағы туралы айтылды.
1865 жылы маркиз Джон Дуглас Квинсбери және журналист Джон Чемберс «Қолғаппен бокс ережесін» әзірлеп, басып шығарды. Олар қазіргі бокстың негізі болды.
1889 жылы 6 тамызда қолғапсыз бокстың соңғы ойыны өтті. рингте американдық екі боксшы Джон Салпиван мен Митчел Кипрайвип кездесті.
1920 жылдан бері бокс Олимпиаданың міндетті бағдарламасына енгізілді.
831 жыл бұрын (1181) қытай және жапон астрономдары аса жаңа жұлдыздың жарқылы болғандығын тіркеді.
516 жыл бұрын (1496) Бартоломео Колумб Санто-Доминго қаласының - Доминикан Республикасы астанасының негізін қалады.
515 жыл бұрын (1497) Бристольге Канаданы ашқан Джон Каботтың экспедициясы оралды.
229 жыл бұрын (1783) Грузия Ресейдің билігіне және қамқорлығына өтті.
146 жыл бұрын (1866) Ванкувер аралы Британ Колумбиясының құрамына енгізілді.
123 жыл бұрын (1889) Лондонда әрбір бөлмесінде жеке ваннасы бар әлемдегі алғашқы қонақ үй - «Савой» отелі ашылды.
122 жыл бұрын (1890) Уильям Кеммлер электрлі үстелде жазаланған алғашқы қылмыскер болды (Нью-Йорк)
98 жыл бұрын (1914) Австро-Венгрия Ресейге соғыс жариялады.
96 жыл бұрын (1916) Черногория Сербияға федерацияға бірігуді ұсынды.
72 жыл бұрын (1940) Эстония КСРО-ның құрамына қабылданды.
54 жыл бұрын (1958) АҚШ Джонстон аралында атмосфералық ядролық сынақ жасалды.
ЕСІМДЕР
49 жыл бұрын (1963) Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі ЕСЕНЕЕВ Қайырғали дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген. Петропавл қалалық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының бөлімше меңгерушісі, Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының орынбасары болған. Қазіргі қызметінде 2003 жылдан бастап істейді.
88 жыл бұрын (1924) жазушы, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері ӘДІБАЕВ Хасен дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1959 жылдан Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде ұстаздық еткен.
Жазушының «Уақыт және суреткер», «Талант, талғам, тағдыр», «Көкжиек» атты сын зерттеу кітаптары қазақ әдебиетінің келелі мәселелері әдеби шеберлік пен жанрлар типологиясына, көрнекті қаламгерлердің шығармаларын саралауға арналған. Оның «Таңбалы адам», «Отырар ойраны», «Әупілдек» повестер мен әңгімелер жинағы жарық көрген. Орыс мектептеріне, арнаулы және жоғары оқу орындарына арналған бірнеше әдебиет оқулықтарын жазған.
Екінші дәрежелі «Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталған
63 жыл бұрын (1949) әйгілі қақпашы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Металлург» футбол мектебінің түлегі ОРДАБАЕВ Құралбек Досжанұлы дүниеге келді.
Шымкент қаласында туған. «Қайрат» футбол командасының құрамында КСРО чемпионатында 185 ойынға қатысқан. Қ.Ордабаев - Халықаралық теміржолшылар одағы жарысының кубогының иегері. ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында еліміздің ең үздік қақпашысы атанған. 1992-1995 жылдары - «Қайрат» командасының бастығы, вице-президенті. 1995-2000 жылдары Қазақстан футбол қауымдастығының президенті қызметтерін атқарған. 2002 жылдан «Қайрат» футбол клубының президенті қызметін атқарады.
63 жыл бұрын (1949) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері ТОҚЫШЕВ Қалиасқар Жұбанышұлы дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысында туған. КСРО Ішкі істер министрлігінің Әскери-саяси училищесін, В.Ленин атындағы Әскери-саяси академияны бітірген. 1989-1991 жылдары - КСРО Ішкі әскерлері Орталық басқармасының саяси бөлімі жанындағы партия комиссиясының жауапты хатшысы, бақылау комиссиясының төрағасы. 1992-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлерінің қолбасшысы. 1994-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Әскери институты әскери офицерлерді дайындау факультетінің бастығы. 1997-2003 жылдары Қазақстан Республикасы ішкі әскерлері қолбасшысының орынбасары болған.
Медальдармен марапатталған.
142 жыл бұрын (1870-1946) кеңес химигі және металлургі, КСРО Ғылым Академиясының академигі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты БАЙКОВ Александр Александрович дүниеге келді.
Ресей Федерациясының Курск облысында туған. Петербор университетін бітірген.
Негізгі ғылыми еңбектері металлургиялық процестердің физикалық химиясына және анорганикалық химия салаларына арналған. Бұл ғылыми бағыт Қазақстанда да кеңінен дамытылды. Байков мыс пен сүрме қорытпаларының құрамы мен қасиеттерін зерттеді, жоғары температурада темірді хлорлы сутегімен бөліп алуға болатынын дәлелдеді, никельдің полиморфизмге тән қасиеттін тапты. Тотығу және тотықсыздану процестері жайлы теория ұсынған.
Бірнеше орден, медальдармен марапатталған. КСРО Ғылым Академиясының Металлургия институты Байков есімімен аталады.
62 жыл бұрын (1950) тіл білімі маманы, филология ғылымының кандидаты, профессор ЖЫЛҚЫБАЕВА Амантай Шаймарданқызы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында туған. Өскемен педагогика институтын бітірген.
1975-1978 жылдары - мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 1980-1994 жылдары - Өскемен педагогикалық институтының орыс тілін оқыту әдістемесі кафедрасының, шет тілдер кафедрасының, практикалық қазақ және орыс тілі, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы, практикалық қазақ және орыс тілі кафедраларының аға оқытушысы. 1994 жылдан осында практикалық қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі.
Ғылыми еңбегінің негізгі бағыты - этнолингвистика саласы. 10-нан аса ғылыми еңбектің авторы.
60 жыл бұрын (1952) Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімі ҚАМЗЕБАЕВ Саят Есенжолұлы дүниеге келді.
Ақмола облысы Целиноград ауданы Егіндікөл ауылында туған. Еңбек жолын 1974 жылы Ерементау ауданында СПТУ-63-те ұстаздықтан бастады.
Аталған қызметінде 2008 жылдың қарашасынан.
51 жыл бұрын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті ҚИЗАТОВ Ермек Әнуарбекұлы дүниеге келді.
1961 жылы тамыздың 6-сында Ақмола облысында туған. Алматы теміржол инженері институтын бітірген. Техника ғылымдарының докторы. Еңбек жолын Тың теміржолының Жаңа еЕсіл жол дистанциясында өндіріс шебері ретінде бастаған. Тың теміржолында, «Қазақстан темір жолы» РМК, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылық қызметтерді атқарды.
50 жыл бұрын (1952) «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарушы директор - Аппарат басшысы ӘЛМАҒАМБЕТОВ Қанат Есмұханұлы дүниеге келді.
1962 жыл тамыздың 6-сында Ақмола облысында туған. Алматы теміржол инженері институтын, Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген. Еңбек жолын Тың теміржолының Бурабай курорты станциясында пойыз құрастырушының көмекшісі болып бастады. Тың теміржолы, «Қазақстан темір жолы» РМК-сында басшылық қызметтерде болды. 2008 жылғы мамырдан «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ының Тасымалдау үдерісі жөніндегі басқарушы директоры. 2010 ж «Құрмет» орденімен марапатталған.
46 жыл бұрын (1966) «ҚазТрансГаз - Алматы" АҚ-ның басқарма төрағасы САПАРОВ Ақылбай Есболұлы дүниеге келді.
Павлодар облысында туған. Аталған қызметінде 2007 жылдың сәуірінен. Экономика ғылымдарының кандидаты.