16:57, 03 Тамыз 2015 | GMT +5
6 тамыз күні «ҚазМұнайГаз» акциясының 10 пайызы Қазақстан қор биржасында сатылымға қойылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 06 тамыз күні Қазақстан қор биржасында "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ1C49280015 (KZ1C00001122, KMGZ) акцияларын сату бойынша ағылшын әдісімен сауда-саттық өткізіледі.

Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми порталында хабарланды.
Қазақстан қор биржасы KASE сауда-саттық жүйесінде 2015 жылдың 06 тамыз күні "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ1C49280015 (KZ1C00001122, KASE ресми тізімі, екінші санат, KMGZ) акцияларын сату бойынша ағылшын әдісімен сауда-саттық өткізіледі.
Сатылымға қойылған жай акциялар саны 58 420 748 дана немесе "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ акциясының 10 пайызы.
Жарияланған лоттар саны - 1, лоттың алғашқы бағасы - 749 980 000 000 теңге.
Өтінімдерді қабылдауды бастау уақыты: 15:00.