6 тамыз: Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 6 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

6 тамыз: Туған күн иелері

ЕСІМДЕР

71 жыл бұрын (1948-2017) кинотанушы, кино тарихшысы, кино сыншы, педагог, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Рамазанұлы НӨГЕРБЕК дүниеге келді.

Ұлытау өңірінде туған, Мәскеуде, ВГИК-тің сценарлық-кинотанушылық факультетінің кинотану бөлімін тәмәмдаған (1971).

Мультипликация бірлестігінің бас редакторы, «Қазақфильм» киностудиясында сценарлық редакция алқасының мүшесі (1971-1981), Қазақстан кинематографистер одағының хатшысы (1981-1985), М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, театр және кино бөлімінің аға ғылыми қызметкері (1985-1999), Т. Жүргенов атындағы «Театр және кино» институтының проректоры (1993-1994), Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Мәдениет комитеті, театр өнері және кинематография бөлімінің бастығы (1999-2001) қызметін атқарған. 1993-2017 жылдары Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында кинотанушылар шеберханасына жетекшілік етті. Отандық кино тарихында кинотанушылардың алғашқы түлектерін оқытып шығарған (1993-1997; 1998-2002; 2002-2006). Қазақстан Республикасы Білім саласының үздік қызметкері атанды (1998). Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының академиялық профессоры (2000). Өнертану профессоры (2005).

Төмендегі кітаптардың авторы: «Қазақ киносының жылнамасы», «Ертегіге жан бітсе: Қазақстанның мультипликациялық киносы» (Алматы, «Өнер», 1984, монография КСРО кинематографистері одағының сыйлығымен марапатталған), «Қазақстан киносы», «Қазақ киносының тарихы», «Экранда «Қазақфильм», «Қазақ киносындағы экрандық-фольклорлық дәстүр», сондай-ақ, 250-ден астам мақала, рецензия мен эссенің авторы.

57 жыл бұрын (1962) «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Есмұқанұлы ӘЛМАҒАМБЕТОВ дүниеге келген.

Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын темір жолдарды пайдалану мамандығы бойынша (1983); М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын темір жол көлігіндегі Экономика және менеджмент мамандығы бойынша (2001) бітірген.

Еңбек жолы: Алма-Ата 1 станциясында пойыздарды құрастырушы (1983); Целинный темір жолының Көкшетау бөлімшесінің әр түрлі лауазымдарында жұмыс істеді, Целинный және Ақмола темір жолдарының қозғалыс қызметін басқарды (1985-1998); «ҚТЖ» РМК Павлодар тасымалдау бөлімшесінің бастығы (1998-1999); «ҚТЖ» РМК орталық аппаратында тасымалдау Бас басқармасының бастығы, тасымалдау департаменті директорының орынбасары (1999-2001); «ҚТЖ» РМК «Жүк тасымалы» ЕМК директоры» (2001-2002); «Теңізшевройл» БК үшін аса көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау бойынша консалтингтік қызмет көрсету жөніндегі жұмыс тобының менеджері (2002-2004); «Қазжелдортранс» ақ жүк және коммерциялық жұмыс жөніндегі вице-президенті (2004-2005); «ҚТЖ» ҰК «АҚ »Ақмола тасымалдау бөлімшесі« филиалының директоры (2005-2006); »Қазтеміртранс« АҚ вице-президенті (2007-2008); »ҚТЖ «ҰК» АҚ Тасымалдау процесі жөніндегі Басқарушы директоры (2008-2009); «ҚТЖ »ҰК« АҚ пайдалану жұмысы жөніндегі Басқарушы директоры (2009-2012); »ҚТЖ «ҰК» АҚ Басқарушы директоры – аппарат басшысы (2012 -2013); «Қазтеміртранс» АҚ президенті (2013-2014); « ҚТЖ » ҰК « АҚ президентінің кеңесшісі (2014-2015); »KAZLOGISTICS «көліктік және логистикалық ұйымдар және қауымдастықтар одағы» ЗТБ Бас директоры (2015-2018).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылғы қарашада кіріскен. «Құрмет» орденімен марапатталған (2010).

44 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал САПАРБЕКҰЛЫ дүниеге келген.

Жамбыл облысында туған. Таяу Шығыс техникалық университетін (Middle East Technical University) халықаралық қатынастар мамандығымен бітірген (1999).

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі (2000-2003); Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінде атташе, үшінші хатшы, екінші хатшы (2003-2008); «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Xалықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры (2008); Женева қаласындағы БҰҰ-ның Еуропа бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігінің кеңесшісі (2008-2011); Түркі Кеңесі Хатшылығының директоры (2011-2014); Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі/Түркі Кеңесі Бас хатшысының орынбасары (2014-2017).

Қазіргі қызметінде – 2017 жылдың сәуірінен бері.

37 жыл бұрын (1982) Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Дүйсенбайұлы ТӨСЕКБАЕВ дүниеге келген.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік медициналық университетін (2005); «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ганновер жоғары медициналық мектебін «Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент» мамандығымен (2008) бітірген; АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде тағылымдама бағдарламасы бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығымен білім алған.

Еңбек жолы: Vivantes клиникасындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі жобалау менеджері, Берлин (2007); «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, Астана қаласы (2008-2009); ҚР Денсаулық сақтау вице-министрінің кеңесшісі, «Астана медициналық университеті» АҚ бөлімінің жетекші маманы, Астана қаласы (2009-2010); «Қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы» МКҚК бас дәрігері, Астана қаласы (2010-2013); ҚР Президенті Іс басқармасының «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті (2013); ҚР Президенті Іс басқармасының «Almaty Resort» клиникалық шипажайы» АҚ президенті (2014); «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК бас дәрігері, Алматы қаласы (2015-2017); Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (2017-2018 жылғы қазан).

Қазіргі лауазымын 2018 жылғы қазаннан бері атқарып келеді.