6 жасар бүлдіршін балабақшаға ... тапанша алып келген

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат. - Хьюстон балабақшасында болған атыстың салдарынан үш бала жарақат алды. Балабақшаның асханасында болған бұл қайғылы оқиғаға 6 жасар тәрбиеленуші кінәлі болған, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
None
None

Келіп түскен ақпараттар бойынша, 6 жасар ұл бала тапаншаны достарына көрсету үшін үйінен алып келген.

Оқтаулы болған қарудың сақтандырғышы да қосылмаған болып шықты. Нәтижесінде әлгі баланың «ойыны осылып», 6 жасар екі ұл бала, оның біреуі өзі және 5 жасар қыз бала жарақат алады.

Балалар ауруханаға жеткізілген. Қазір полиция тексеру жүргізіп жатыр. Егер қару баланың ата-анасынікі болса, олар жауапқа тартылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар